ул. Толе би, д. 101,
бизнес-центр «Толе би»

zoj_center@mail.ru

+7 727 313-21-34
+7 727 313-20-94

Русский
Казак

Погода в Алматы

+10ºС

Акция «Репродуктивті денсаулықты қорғау дегеніміз не?»

2017 жылдың 22-ші ақпанында "АҚСӨСҚО"ЖШС-нің ұйымдастыруымен ҚР-ның «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және репродуктивті денсаулықты қорғау мақсатында академик Б.О.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығының уролог-дәрігері Маскутов Қуаныш Жолымбетұлының қатысуымен «Репродуктивті денсаулықты қорғау дегеніміз не?» тақырыбында Бостандық ауданы Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінің 1-ші курс студент жігіттері арасында акция өткізілді. Акцияны тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Азанбаева Майгүл Бейтілеуқызы сөз сөйлеп ашты. Акцияда уролог-дәрігер жас жігіттердің дене мүшелерінің дамуы мен ерекшеліктері жайында слайдтар көрсетіліп, түрлі жыныстық аурулардың таралуы және одан сақтану жолдары түсіндірілді. Әрбір жас жігіттердің өз денсаулығын күтуі өзінің жауапкершілігі екені ескертілді. Студенттердің сұрақтарына жауаптар берілді, ағартушылық материалдар таратылды. Акцияға №1,10,11,12,13,14, 15,16,17,18,19 топтардың студент жігіттері қатысты. Барлығы 232 адам қамтылды.