ул. Толе би, д. 101,
бизнес-центр «Толе би»

zoj_center@mail.ru

+7 727 313-21-34
+7 727 313-20-94

Русский
Казак

Погода в Алматы

+10ºС

Акция «Бозбалалар-өз денсаулығын қорғауы керек»

2017 жылдың 16-шы ақпанында "АҚСӨСҚО"ЖШС-нің ұйымдастыруымен Академик Б.О.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығының уролог дәрігері Қуаныш Жолымбетұлы Маскутовтың қатысуымен, Бостандық ауданы электрмеханикалық колледжінің 1-ші курс студенттері арасында ҚР-ның «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, репродуктивті денсаулықты қорғау мақсатында «Бозбалалар-өз денсаулығын қорғауы керек» деген тақырыпта акция өткізілді. Іс-шараны тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Ыбыраева Ләззат Әшірбекқызы сөз сөйлеп ашты. Қазіргі кезде ұл балалардың репродуктивті денсаулығы өзекті мәлелелердің бірі. Бұл туралы уролог дәрігер Қуаныш Жолымбетұлы бозбалаларға түсінікті тілмен жеткізіп, слайдтар арқылы тұжырымды ақпараттар берді. Жыныстық мүшенің және жыныстық қатынастан таралатын аурулар жайында айтылды. Студенттердің сұрақтарына жауаптар берілді, ағартушылық материалдар таратылды. Барлығы 208 адам қамтылды.