ул. Толе би, д. 101,
бизнес-центр «Толе би»

zoj_center@mail.ru

+7 727 313-21-34
+7 727 313-20-94

Русский
Казак

Погода в Алматы

+10ºС

Акция «Денсаулығымның мықты болуы-өз қолымда»

2017 жылдың 14-ші ақпанында ҚР-ның «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және ЖЖЖИ, тері ауруларының, ерте жыныстық қатынастың алдын алу мақсатында Алмалы ауданы Алматы технология және флористика колледжінің 1-ші курс студенттері арасында «Денсаулығымның мықты болуы-өз қолымда» деген тақырыпта акция өткізілді. Іс-шараны тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Ахметжанова Жанар Мұхамедкерімқызы сөз сөйлеп ашты. Бүгінгі таңда репродуктивті денсаулыққа байланысты біздің жасөспірім қыздарымыз бен ұлдарымыз өздері шешімін таба алмайтын мәселелерге таппай болғанда, не істерін білмейді. Тіпті, сұрауға ұялып, өз беттерінше жүре береді. Алайда денсаулыққа байланысты болғандықтан дәрігермен, психолог мұғаліммен сөйлесіп, кеңес алған абзал екенін студенттерге ескертілді. Іс-шарада бейнекөріністер мен слайдтар арқылы балалардың сұрақтарына жауаптар берілді. Акцияда №74, 75,76, 79, 81,82-ші топтарда "Тігін өндірісі және киім үлгілеу", "Есептеуіш техникасы мен бағдарламалық қамтамасыздандыру", "Өсімдік шаруашылығы" мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттер және бірнеше өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Барлығы 157 адам қамтылды.