ул. Толе би, д. 101,
бизнес-центр «Толе би»

zoj_center@mail.ru

+7 727 313-21-34
+7 727 313-20-94

Русский
Казак

Погода в Алматы

+10ºС

Дамыту жаттығуы "Денсаулық-зор байлық"

2017 жылдың 8-ші ақпанында "АҚСӨСҚО"ЖШС-нің ұйымдастыруымен Алатау ауданы №164 бөбекжай балалар бақшасының даярлық тобының балаларына, тұмаудың алдын алу мақсатында «Денсаулық-зор байлық» деген тақырыпта дамыту жаттығуы өткізілді. Іс-шараны балабақша медбикесі Ақылова Бибігүл Советжанқызы ашты. Ол өткен айда көптеген балалар тұмаумен ауырып қалғанын, олардың көбі емделіп келгендігін айтты. Иә, тұмау, әсіресе, балаларға тез таралатын ауру. Оны тұмаумен ауырғандар басқаларға таратады. Сондықтан ата-аналарға, тәрбиешілерге балаларды далаға шығарғанда жылы киіндіріп, суық тиіп қалмауды ескеру керектігі айтылды. Дамыту жаттығуында "Ертөстік", "Бәйтерек", "Жұлдыз", "Гүлдер", "Күншуақ" тобының балаларына-тұмаудан сақтанып жүрудің алғы шарттарын, белгілерін суретті слайдтар арқылы көрсетілді. Сонымен қатар, кішкентай бүлдіршіндер "Микробтар-кір қолдың аурулары" деген мульфильмді тамашалады және қол жуу ережесінен бірнеше жаттығулар жасалды. Бүгінгі іс-шараға №22-ші қалалық емхананың СӨС кабинетінің дәрігері Төлегенова Ләйлә Тұрарқызы және музыка пәнінің жетекшісі Сұлтанбекова Жұлдызай, сондай ақ, Тұтқабай Айгүл, Асимова Ақтоты, Жансейітова Нұргүл, Мейірманова Кенжегүл, Әтеева Жазира сынды тәрбиешілер қатысты. Барлығы 138 адам қамтылды.