ул. Толе би, д. 101,
бизнес-центр «Толе би»

zoj_center@mail.ru

+7 727 313-21-34
+7 727 313-20-94

Русский
Казак

Погода в Алматы

+10ºС

Дамыту жаттығуы «Менің денсаулығым-менің бақытым»

2017 жылдың 7-ші ақпанында "АҚСӨСҚО" ЖШС-нің ұйымдастыруымен Наурызбай ауданы №172 бөбекжай балалар бақшасында Қазақстан Республикасының «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және тұмаудың алдын алу мақсатында «Менің денсаулығым-менің бақытым» деген тақырыпта дамыту жаттығуы өткізілді. Іс-шарада №172 бөбекжай балалар бақшасының меңгерушісі Айман Айтмұханбетқызы Нұрасилова сөз сөйледі. Тұмау ауруының алғашқы белгілері байқалғанда баланың денесі әлсіреп, көңіл-күйі төмендейді, асқа тәбеті болмайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріліп, басы ауырып, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеледі, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Бұндай кезде баланы тез арада дәрігерге көрсетіп, оның берген емін қабылдаса, үш-бес күндерден соң дене қызу төмендеп, жазылып кетеді. Бүгінгі дамыту жаттығуында "Көгершін", "Толағай", "Ақжелкен" топтарының балалары өздерінің тәрбиешілері Қарлығаш Кеңесбекқызы, Жанар Төлегенова, Назгүл Күмісбековамен бірге қол жуу ережелерінен бірнеше жаттығуларды жасап, слайдты суреттер арқылы тұмаудың алдын алу шаралары көрсетілді. Барлығы 80 адам қамтылды.