ул. Толе би, д. 101,
бизнес-центр «Толе би»

zoj_center@mail.ru

+7 727 313-21-34
+7 727 313-20-94

Русский
Казак

Погода в Алматы

+10ºС

Дамыту жаттығу «Қарашы, сенің қолың таза ма?»

2017 жылдың 3 ақпанында "АҚСӨСҚО"ЖШС-нің ұйымдастыруымен Алмалы ауданы №18 "Ертөстік" бөбекжай балалар бақшасында Қазақстан Республикасының «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және тұмаудың алдын алу мақсатында «Қарашы, сенің қолың таза ма?» деген тақырыпта дамыту жаттығуы өткізілді. Дамыту жаттығуында меңгеруші Тұрғынбаева Элмира Сейітжанқызы сөз сөйлеп, ауа арқылы таралатын аурулардың алғы шарттарымен балаларға түсіндіріліп отыратынын айтты. Тұмау-ағылшын тілінде-"influenza", қазақша “бас салу, шап беру” деген мағынаны береді. Тұмау-бала жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы арқылы да жұғады. Суретті слайдтармен тыныс жолдарының вирустық қоздырғышы түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзетіні айтылды. Тұмау-асқынып кетсе, тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі зақымдайды. Тұмауды қоздыратын микробтар тыныс жолының кілегей қабығында дамиды. Іс-шарада Б.А.Молдабаева, К.З.Жетпісбаева, А.Д.Бейғожаева, Р.Х.Тумуова, Г.Я.Рахметова, М.Б.Орынбасар, Л.Омарова сынды тәрбиешілер-"Қаламқас", "Қызғалдақ", "Айгөйлек", "Балауса", "Қарлығаш", "Тайбурыл", "Ботақан" тобының балаларына "Микорбтар неден қорқады?" деген бейнекөрініс көрсетілді.  Қол жуу ережесінен бірнеше жаттығулар жасалды. Барлығы 164 адам қамтылды (157 балалар, 7 тәрбиешілер).