ул. Толе би, д. 101,
бизнес-центр «Толе би»

zoj_center@mail.ru

+7 727 313-21-34
+7 727 313-20-94

Русский
Казак

Погода в Алматы

+10ºС

Дамыту жаттығуы «Тазалық-денсаулық кепілі!»

2017 жылдың 2-ші ақпанында "АҚСӨСҚО"ЖШС-нің ұйымдастыруымен Түрксіб ауданы №180 бөбекжай балалар бақшасында ҚР-ның «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және тұмаудың алдын алу мақсатында «Тазалық-денсаулық кепілі!» деген тақырыпта дамыту жаттығуы өткізілді. Іс-шарада балабақша меңгерушісі Мажатаева Светлана Оңқосынқызы-балаларға жөтелгенде этиканы сақтауды үйретіп жүргендерін айтты. Балалардың денсаулығы жақсы болу үшін, алдымен тазалықты сақтау керектігі ескертілді. Сонда балаларды ауа арқылы жұғатын аурулардан сақтандырып, салауатты өмір сүруге дағдыландыра аламыз. "Күншуақ", "Балбөбек","Аққу","Ботақан","Балауса" тобының балалары мен тәрбиешілері Б.А.Адиханова, А.С.Әйшова, Г.Өсимбекова, Ж.Н.Шуақбаева, А.Ниязақынова және әдіскер Тілекеева Айгүл, психолог Доллина Салтанат бүлдіршіндермен бірге дене қозғалысын жетілдіру мақсатында қол жуу ережесінен бірнеше дамыту жаттығуларын жасады, суретті слайдтар көрсетілді. Барлығы 82 адам қамтылды.