ул. Толе би, д. 101,
бизнес-центр «Толе би»

zoj_center@mail.ru

+7 727 313-21-34
+7 727 313-20-94

Русский
Казак

Погода в Алматы

+10ºС

Дамыту жаттығуы «Қолды қай кезде жуамыз?»

2017 жылдың 1-ші ақпанында АҚСӨСҚО"ЖШС-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және тұмаудың алдын алу мақсатында Алмалы ауданы №181 бөбекжай балабақшасында «Қолды қай кезде жуамыз?» деген тақырыпта дамыту жаттығуы өткізілді. Дамыту жаттығуында балабақша меңгерушісі Ибраева Айжамал Тынысқызы сөз сөйлеп, балаларға денсаулықты қорғауды ескертті. Балаларға тұмау туралы суретті слайдтар көрсетіліп, жөтелгенде, сөйлегенде, түшкіргенде этиканы білуді, ауырғанда дәрігерге баруды, ем қабылдауды үйрену керек екені айтылды. Бактериялар, микробтар кір қолдан ауыз арқылы ішке кететіні түсіндірілді. Балабақшаның әдіскері Гүлнар Сағидоллақызы мен тәрбиешілер Н.А.Құсайынова, Ж.Д.Балғабекова, Д.Т.Шакибаева,  М.Жолдасбекова және "Бәйтерек", "Жұлдыз", "Көгершін", "Тұлпар" тобының балалары қатысты. Кішкентай бүлдіршіндер қол жуу ережесінен бірнеше жаттығулар жасады және "Микробтар мен Тазша бала" деген бейнекөрініс көрсетілді. Барлығы 59адам қамтылды(53бала, 6 мұғалім).