ул. Толе би, д. 101,
бизнес-центр «Толе би»

zoj_center@mail.ru

+7 727 313-21-34
+7 727 313-20-94

Русский
Казак

Погода в Алматы

+10ºС

Акция «Туберкулездің түрлері»

2017 жылдың 25-ші қаңтарында "АҚСӨСҚО" ЖШС-нің ұйымдастыруымен ҚР-нің "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және туберкулездің алдын алу мақсатында, Әуезов ауданы №72 жалпы білім беретін мектептің 6-8 сыныптың оқушылары арасында «Туберкулездің түрлері» деген тақырыпта акция өткізілді. Акцияны мектептің медбикесі Сембаева Айгерім ашты. Туберкулез-латын тіліндегі "tuberculum" сөзі, қазақша-"төмпешік" яғни "құрт ауру" дегенді білдіреді. Кейде қазақтар бұны "көксау" дейді. Бұл адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы-микробактерияны неміс микробиологы Р.Кох(1843-1910) ашқан. Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1-10, ені 0,2-0,6 мкм. Туберкулез ауруы ертеден белгілі. Бұдан 7 мың жыл бұрын ауру белгілері неолит кезеңіндегі адам сүйегін зерттегенде табылған, біздің заманымыздан бұрын 3-2-мыңжылдықта египет мумияларынан анықталған. Туберкулездің клиникасы туралы алғашқы деректер 2-ші ғасырда өмір сүрген каппадокиялық дәрігер Аретейдің еңбектерінде кездеседі. Одан кейін Гиппократ, Гален, т.б. ғалымдардың еңбектерінде де туберкулез ауруы еске алынады. Бірақ олар туберкулезді жұқпалы ауру қатарына жатқызбаған. Ал Әбу Әли ибн Сина өзінің “Дәрігерлік ғылымның каноны” деген еңбегінде туберкулезді тұқым қуалайтын аурулар қатарына жатқызған. Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет италиялық ғалым Дж.Фракасторо (1478 – 1553) дәлелдеді. Туберкулездің ашық және жабық түрлері бар. Бүгінгі акцияда оқушылар туберкулез ауруы жайында бейнекөріністер мен слайдтар арқылы мәліметтер алды, сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. Барлығы 125 адам қамтылды.