ул. Толе би, д. 101,
бизнес-центр «Толе би»

zoj_center@mail.ru

+7 727 313-21-34
+7 727 313-20-94

Русский
Казак

Погода в Алматы

+10ºС

Акция «Туберкулез ауруынан сақтан!»

2017 жылдың 19-шы қаңтарында "АҚСӨСҚО" ЖШС-нің ұйымдастыруымен ҚР-нің "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және туберкулездің алдын алу мақсатында Әуезов ауданы №175 Жаңа Ғасыр гимназиясының 5-7 сыныптың оқушылары арасында «Туберкулез ауруынан сақтан!» деген тақырыпта акция өткізілді. Акцияны тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Ұшырова Айнұр Аркинқызы сөз сөйлеп ашты. Балалар үнемi таза ауада жүрiп, спортпен айналысатын болса, денсаулықтары мықты болады. Кейде балалар аш жүреді, дұрыс тамақтанбайды, бұл адам ағзасының ауруға қарсылығын азайтады. Ал темекі, қорқор шегу, сыра ішу тәннің қорғаныс қабiлетiн нашарлататындықтан, туберкулез ауруы осындай иммунитеті әлсіз адамдарға жұғады. Туберкулез таяқшалары сыртқы ортаға едәуір төзімді. Ол топырақта 2 апта, кітап беттерінде 3 ай, суда 5 айға дейін сақтала алады. Туберкулез таяқшаларын ұзақ уақыт қайнату, тура түскен күн сәулесі, хлорамин және хлорлы әк өлтіреді. Сондықтан құрт ауруының жұқтырмау амалдарын сақтауды үйреніп алған жөн, ал жұқтырған жағдайда толық емделу шараларын қатаң жүзеге асыру керек. Сонда ғана соңғы кездерде өршiп бара жатырған туберкулез ауруының бетiн қайтара аламыз. Бүгінгі іс-шараға қатысқан 5-"а", "г", "м",          6-"а", "ә", "б", 7-"в", "б", "г" сыныптың оқушыларына тақырыпқа байланысты слайдтар, бейнекөріністер көрсетілді, балалардың сұрақтарына жауаптар берілді. Барлығы 208 адам қамтылды.