ул. Толе би, д. 101,
бизнес-центр «Толе би»

zoj_center@mail.ru

+7 727 313-21-34
+7 727 313-20-94

Русский
Казак

Погода в Алматы

+10ºС

Ұйқыны қалай қалыпқа келтіруге болады: 9 қарапайым кеңес

Ұйқыға байыппен қарау қажет, өйткені бұл ағзаның күш жинайтын кезеңі. Төмендегі бірнеше ұсынымдарды іске асыратын болсаңыз, Сіз 40 жаста да сәбидей ұйықтайтын боласыз.

Әр нәрсенің өз уақыты бар
Күн тәртібін сақтаңыз. Күн сайын, тіпті демалыс күндері де бір уақытта ұйқыға жатып, бір уақытта тұрыңыз. Бұл тұста, есте сақтайтыныңыз, адам ең кемі 7 сағат ұйықтауы қажет.

Мазалаған ойлардан арылыңыз
Көбіне біз төсекке жатып алып, әр нәрсені бір ойлап, біразға дейін ұйықтай алмай жатамыз. Күнделік арнаңыз да, кешкісін соған бәрін, өзіңізді мазалаған ойлар туралы "айтып беріңіз". Мұның күні бойы жиналған күйзелістен арылудың жақсы әдісі екені дәлелденген.

Сізге магний көмектеседі
Магний жетіспеушілігі ұйқының бұзылуына алып келеді. Сондықтан құрамында магний бар азық-түлік жеуді ұсынамыз, мысалы, саумалдық немесе асқабақ дәндері, кептірілген жемістер, жаңғақтар.

Ұйқыңыз келмесе, тұрыңыз
Ұйықтай алмасаңыз, дөңбекши бермеңіз. Тұрыңыз да, байсалды бір іспен айналысыңыз - кітап оқыңыз не босаңсуға көмектесетін музыка тыңдаңыз.

Гаджеттер туралы ұмытыңыз
Ұйқыға 2-3 сағат қалғанда, гаджеттер қолдануды тоқтатыңыз. Бұл уақытты демалуға жұмсаңыз - түймедақ шайын, жылы сүт ішіңіз, ванна қабылдаңыз, классика, фолк не джаз тыңдаңыз. Жақсы ұйқының тағы бір құпиясы - кешқұрым таза ауада серуендеу. Егер ұйықтар алдын жарты сағат саябақта, гүл бағында не үйдің ауласында жүрсеңіз, жақсы ұйықтайсыз.

Ыңғайлы жағдай жасаңыз
Бұл жақсы ұйықтау үшін өте қажет. Ыңғайлы матрас сатып алыңыз, терезеге қалың перде іліңіз, шудан арылыңыз. Жалғыз ұйықтамайсыз ба? Серіктесіңізбен өзіңіздің және оның ұйқысына әсер ететін факторларды талқылап, екеуіңізге де ыңғайлы болатын ортаны құрыңыз.

Ауа температурасын бақылап отырыңыз
16-24ºС- бөлменің температурасы осы шамада болуы керек. Ауасы тар, ыстық бөлмеде адам ұйықтай алмайды, жиі оянады.

Жарықты сөндіріңіз
Тіпті теледидар жарығы да ұйықтауға кедергі болуы мүмкін. Егер жарықтың бәрін сөндіруге мүмкіндік болмаса, ұйқыға арналған арнайы маска сатып алыңыз.

Жатын бөлмені әдемі иіске толтырыңыз
Иістер де ұйқыға әсер етеді. Мысалы, лаванда – ұйқысыздыққа қарсы жақсы құрал. Хош иісті майшамадар мен эфир майларының көмегімен жатын бөлмесін әдемі иістерге толтырыңыз.