ул. Толе би, д. 101,
бизнес-центр «Толе би»

zoj_center@mail.ru

+7 727 313-21-34
+7 727 313-20-94

Русский
Казак

Погода в Алматы

+10ºС

Салауатты тамақтану – онкологиялық аурулардың алдын алу негізі

Қатерлі ісіктер даму қаупінің факторлары екі топқа бөлінеді – ішкі (генетикалық) жән сыртқы (темекі шегу, тамақтану сапасы, ішімдік, төмен дене жүктемесі, семіздік, жасы, қоршаған орта факторлары).

АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институтының деректері бойынша, тамақ факторының онкологиялық аурулар дамуына қосатын үлесі 35 %, диабетке 60 %, ҚЖА 40 % құрайды, бұл онкологиялық аурулардың алдын алудағы салауатты тамақтанудың маңыздылығын растайды.

Обыр ауруы пайда болу қаупін жоғарылататын факторлар:

Бірінші фактор

Жасанды транс-майлар мен жануар майларын (майлы ет, майлылығы жоғары сүт өнімдері) шамадан тыс тұтыну. Транс-майлар тіндердің жасуша қабырғаларына жабысып, олардың қызметін бұзады. Дененің бір бөлігіне айналып, олар ағзада мәңгіге қалып қояды, өйткені біздің ағзамыз олардан арыла алмайды. Транс-майлар көптеген кондитерлік бұйымдар, маргарин (оны қатпарлы нан илегенде қосады), аспаздық май, жартылай фабрикаттар, сары май орнына пайдаланылатын спред, «жеңілдетілген» сары май, фаст-фуд құрамында болады.

Екінші фактор

Рафинадталған қант пен жоғары сұрыпты ұнды шамадан тыс тұтыну инсулин және ИӨФ (инсулин тәріздес өсу факторі - І) арқылы қабыну үдерісіне және қатерлі жасушалардың көбеюіне ықпал етеді. Ас мәзіріндегі жеңіл сіңірілетін қарапайым көмірсуларды (қант, кәмпит және басқа тәттілер, тәтт тоқаш, ақ нан және т.с.с.) шектеңіз. Назарыңызды құрамында күрделі көмірсулар – клетчатка мен пектин бар азық-түлікке аударыңыз (көкөністер мен жемістер, ірі тартылған ұннан пісірілген нан).

Үшінші фактор

Жоғары температурада қуырылған ет, ысталған етті жиі тұтыну. Жоғары температура еттегі амин қышқылдары мен креатиндерге ықпал етіп, канцерогендік заттектердің пайда болуына ықпал етеді. Оның орнына қайнатылған, пешке пісірілген, бұқтырылған, буға пісірілген етті тұтыныңыз. Ысталған етті сирек тұтыну керек.

Төртінші фактор
Ішімдікті шамадан тыс тұтыну. Сапалы ішімдікті тұтыну күніне 2 порциядан аспауы қажет (әр порцияда 10 г. 100% спирт; немесе 30 г арақ/коньяк; немесе 110-120 г. қызыл шарап; немесе 330 г сыра болуы керек). Бірақ, сізде тәуелсіздік пайда болмасын десеңіз, алкоголді күнделікті тұтынудан бас тартыңыз.

Бесінші фактор
Семіздік және дене белсенділігінің төмендігі. Семіздіктің негізгі себебі – келіп түсетін және шығындалатын калориялардың арасындағы қуат үйлесімсіздігі. Шамалы болса да, күнделікті дене белсенділігімен айналысу керек (күніне 30 минуттай таза ауада серуендеу, демалыс күндері қала сыртына шығу).

Зиянды тағамдарды тұтынбай, ас мәзіріне көкөністер мен жемістерді және басқа да пайдалы азық-түлікті жиірек қосып, салмағымызды қадағалап, біз онкологиялық аурулардың даму қаупін төмендетеміз.