ул. Толе би, д. 101,
бизнес-центр «Толе би»

zoj_center@mail.ru

+7 727 313-21-34
+7 727 313-20-94

Русский
Казак

Погода в Алматы

+10ºС

Зияндылығы темекі шегуден кем түспейтін 7 әдет

Темекі шегу денсаулық үшін зиян. Мұны бәрі де біледі. Сол сияқты ішімдіктің тигізетін әсері туралы да бәрі біледі. Алайда өмірдің сапасын төмендететін басқа да әдеттер бар. Солар жайында әңгіме қозғайық.

Үнемі ұйқының қанбауы

Ғалымдардың анықтауы бойынша, өткен ғасырдың ортасында өмір сүрген адамдар бізге қарағанда, ұйқыға көп уақыт жұмсаған. Ол кезде адам орташа есеппен, 8 сағат демалса, қазір 90 минутқа кем ұйықтайды. Бұл әлі бергі жағы, бүгінгі таңда 6 жарым сағат ұйықтай алу - баға жетпес дүние. Әдетте, мұндай адамдар өзін ақтау үшін: "демалыс күндері ұйқыны қандырамын" деп жатады. Алайда бұл адасушылық.

Есіңізде болсын, егер Сіз кеше шала ұйықтаған болсаңыз, ағзаңыз оның орнын өзі толтырып алады. Ал 2-3 күн бойы қанбаған ұйқыны бір ұйықтап, қандыра алмайсыз.

Өмірдің мәні - киллограмдармен арпалысу

Адамдардың 4 түрі болады: кез келген диетаға қарсы болатындар, бір уақыт диетаға отырып, оның көмектескенін сезген адамдар. Диетаның көмегімен артық салмақтан арыла алмай, бұдан былай рационмен эксперимент жасамаймын деп шешкендер. Және әр түрлі диеталарда жылына 365 күн диетаға отыратындар. Соңғыларға қатты қауіп төнеді, өйткені бұл әдет олардың өмірінің сапасын төмендетуі мүмкін.

Созылмалы ауруларға шыдап, дәрігерге барғысы келмеу

Кейбір адамдар созылмалы ауырсынуды сезіп жүріп, жылдар бойы дәрігерге қаралуды шегере беріп, "Бүгін сәл қойған сияқты, мүмкін өзі қояр" деген ұстаныммен өмір сүреді. Мұндай әдетті де пайдалы деп айту қиын.

Көп мөлшерде кофе ішу әдеті

Гиппократ айтқандай, "шектен шықпаған нәрсенің бәрі жақсы". Сондықтан, еске сала кететіні, бір шыныаяқ кофе сергітеді, ал күн сайын 5-6-ауын ішу - зиян келтіреді. Артериалды гипертония, жүрек-қантамыр аурулары, асқазан-ішек жолының аурулары, үнемі бас аурулары - кофемандардың тап болуы мүмкін проблемалардың толық емес тізімі.

Жаттығу орнына энергетикалық сусын

«Энергетиктер» - мықты ынталандырушы. Оларды мүлдем ішпеген жақсы, не тек ерекше жағдайда тұтыну керек. Мұндай сусынмен адам кофеин, таурин және жиі адамшөптің бір шама мөлшерін алады. Сондықтан, егер Сіз әр таңыңызды осындай сусынмен бастайтын болсаңыз, уақыт өте, баурыңызда, жүйке және жүрек-қантамыр жүйеңізде проблемалар басталуына дайын болыңыз.

Оттегінің жетіспеушілігі

Көбіміз көп уақытымызды ауасы тар орын-жайларда өткіземіз – кеңседе, көлікте, жатын бөлмесінде. Оттегі жетіспеушілігінің бір белгісі - жоғары шаршағыштық. Жағдайды өзгертіңіз! Таза ауада жиі серуендеңіз, демалыс күндері қала сыртына, табиғат аясына шығыңыз, орын-жайларды желдетіңіз, оттегі коктейлдерін ішіңіз. Баяу дем алу мен ұзақ, созылмалы дем шығару өзара алмасатын тыныс алу жаттығуларын жасаңыз. Аздаған уақыттан соң, өзіңізді жақсы сезіне бастайсыз.

Гиподинамия

Аз қимылдайтын адамдар уақыт келе, солғын тартып, көңіл күйлері, ұйқысы, тәбеті бұзылады, еңбекке жарамдылығы төмендейді. Дене белсенділігі, керісінше, адамды сергітеді, аурулардың, соның ішінде жүрек-қантамыр ауруларының жақсы алдын алушысы болады. Соның салдары ретінде адамның өмір жасы ұзарады.

Өзіңізді күтіңіз және деніңіз сау болсын!