ул. Толе би, д. 101,
бизнес-центр «Толе би»

zoj_center@mail.ru

+7 727 313-21-34
+7 727 313-20-94

Русский
Казак

Погода в Алматы

+10ºС

Әйелдерге арналған скринингілер: неден, қайда және қашан өту керек

Белгілі бір жасқа келгенде, кез келген әйел жүйелі түрде профилкатикалық медициналық қараудан (скринингіден) өтуі қажет. Осындай тәртіптің көмегімен ауруларды ерте сатысында анықтап, келешекте қауіпті аурулардың себебіне айналуы мүмкін қауіп факторларын да анықтауға болады.

Астанада, сондай-ақ еліміздің басқа қалаларында да скринингіні өзіңіз тіркелген медицина ұйымында тегін өтуге болады.

Сонымен, сүт безі обырының алдын алу немесе сәтті емделетін ерте кезеңін анықтау үшін, 50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы әйелдер сүт бездерінің рентгенологиялық зерттеуінен (маммография), маммологтың қарауынан өтуі керек. 
Егер маммография немесе қараудың қорытындысы бойынша дәрігерде күмән, күдік туатын болса, ол емделушіні онкологтің қабылдауына жіберуі мүмкін.

Жатыр мойны обырының алдын алу және оны ерте анықтау мақсатында, 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйелдер жатыр мойнынан жағынды тапсырады (одан әрі жиналған материал цитологиялық зерттеуге жіберіледі), гинекологке қаралады.

Сондай-ақ, емделуші әйелдерге кольпоскопия тағайындалуы мүмкін (көрсетілімдер бойынша) - бұл қынап кіре берісін, оның қабырғаларын және жатыр мойнының қынап тұсын диагностикалық қарау.

Осы қарапайым ережелерді орындай отырып, сіз қауіпті аурулардан өзіңізді қорғай аласыз және осылайша, өз ғұмырыңызды ұзартасыз.

Денсаулығыңызды күтсеңіз, медициналық қараудан уақытылы өтіңіз!