ул. Толе би, д. 101,
бизнес-центр «Толе би»

zoj_center@mail.ru

+7 727 313-21-34
+7 727 313-20-94

Русский
Казак

Погода в Алматы

+10ºС

Психикалық денсаулықты нығайтамыз: 9 нақты кеңес

Оларды күнделікті орындаңыз, сонда бақыт сезімі, өз күшіңізге деген сенім ең қиын сәттерде де сізбен бірге болады.

Өзіңізді осы қалпыңызда қабылдаңыз
Өзіне деген сүйіспеншіліктің жоқтығы кінә немесе ұят сезімі ретінде көрініс береді. Уақыт өте, бұл күйзеліс себебіне айналуы мүмкін. Бұған жеткізбеу үшін, өзіңізді қандайсыз, сол күйіңізде қабылдап, жақсы көріңіз. Өміріңізді өз мүдделеріңіз бен қажеттіліктеріңізге сүйеніп, құрыңыз. Айналаңыздағылардың пікірлерін басшылыққа алу әдетінен арылыңыз.

Жеңіле біліңіз
Келеңсіздіктерден оңай өту үшін, өзіңіз өзгерте алатын жағдай аясында белсенді әрекет етіп, ықпал ете алмайтын жағдайларға көну керек. Қиындықтарды сәтті шеше білу, соның ішінде, басқа амалы қалмағанда, жеңіле білу де - пайдалы дағды.

Қарым-қатынас құруды, қолдауды үйреніңіз
Айналаңыздағыларға кешірімді болыңыз, оларға мейіріммен қарап, олармен адал болыңыз. Басқа адамдардың құндылықтары, сезімдері және қалауларына нұқсан келтірмей, әрекет етіңіз.

Басқаларға қол ұшын беріңіз
Қиын жағдайда қалғандарға көмектескен уақытта, біз тек жағдайларды жеңіп қана қоймаймыз, сонымен бірге өз қадірімізді сезінеміз. Кейде өзіңнің қадірің мен қажеттілігіңді сезіну аса пайдалы болады.

Мақсатты айқындап, соған жылжыңыз
Зерттеулер көрсетіп отырғандай, мақсатқа жылжу үдерісі, сол мақсаттың өзі сияқты маңызды екен. Бірақ, өзіміз қойған деңгей тым жоғары болады да, мақсатқа жете алмастан, түңіліп жатамыз. Сондықтан айқын, қолжетімді мақсаттар қойыңыз.

Сеніңіз және үміттеніңіз
Сынақтар кезінде, бүкіл әлем бізге қарсы шыққандай көрінгенде, бізге үміт, оптимизм және қойған мақсатымызға ерте ме, кеш пе, әйтеуір жетемін деген сенім көмектеседі.

Қатыстылығыңызды жоғалтпаңыз
Болып жатқан жағдайға өзіңіздің қатыстылығыңызды сезінуге, ағымдағы үдеріске беріліп, бар зейініңізді тек соған бағыттауға тырысыңыз.

Әдеміліктен ләззат алыңыз
Әдемілікті бағалай білу қабілетін эстетикалық сезім дейді. Сұлулықты көре білу және түсіну әлемдегі бар ғажаптарды сақтап қалуға көмектеседі.

Өзгерулерден қорықпаңыз, икемді болыңыз
Психологиялық икемділік, тиімсіз жүріс-тұрысты өзгертуге дайындық, кез келген жағдайға икемделіп, оны жеңуге мүмкіндік береді.

Өзіңізді күтіңіз және деніңіз сау болсын!