ул. Толе би, д. 101,
бизнес-центр «Толе би»

zoj_center@mail.ru

+7 727 313-21-34
+7 727 313-20-94

Русский
Казак

Погода в Алматы

+10ºС

Неге бел ауырады?

Бел ауырсынуының, әдетте, нақты себептері болады және ол белгілі бір аурудың пайда болғаны жайында белгі береді. Неге бел ауырады деген сұраққа берілетін жауап – сырқаттан айығудағы алғашқы қадам.

Белдің оң жақтан ауруы
Себебі көп-ақ. Соның ішінде: нефрологиялық патологиялар, АІЖ мүшелерінің жұмысындағы бұзылулар, гинекологиялық аурулар, бұлшықет тіндерінің қабынуы, невралгия, жарақаттар. Сондай-ақ, өт пен өт шығаратын жолдардың, өкпенің, омыртқаның аурулары да белдің ауруына себеп болуы мүмкін.

Белдің сол жақтан ауруы
Ауырсынудың себептері: өкпе қабының қатыстылығымен, әйелдерде жатыр өсінділерінің сол жақ қабынуы, ерлерде қуықалды безінің патологиясы, несеп-тас ауруы, АІЖ, омыртқа аурулары.
Белдің сол жақтан ауыруының «қарапайым» себептеріне мыналар жатады: бұлшықеттің шамадан тыс жүктемесі, дененің суықтауынан бұлшықет тініндегі қабыну үрдісі, қимыл-қозғалыстың аздығы.


Есіңізде болсын!

Егер беліңіз 3 күннен артық ауырса, медициналық жәрдемге жүгінген жөн, өйткені неғұрлым ұзақ шыдасаңыз, емдеуге соғұрлым көп шығын мен күш жұмсайсыз.



Қай дәрігерге қаралу керек?

Учаскелік терапевке. Қарап шыққаннан соң, ол сізді қай маманға жолдау керек екенін шешеді - хирург, гастроэнтеролог, пульмонолог, гинеколог, невропатолог, проктолог, уролог немесе нефрологке.

Бел және аяқ буындары ауруларының алдын алу

№1 жаттығу
Түрегеліп, қолды белге қоямыз, арқамыз дөңгелетілген, аяқ екі иық арасындай ашық, тізеде шамалы бүгілген. Беліңізді майыстыра, екі жаурыныңызды түйістіріңіз. Осы халде 5 секунд тұрып қалыңыз. 5 рет қайталаңыз.

№2 жаттығу
Тұрыңыз, арқаңызды тік ұстаңыз, аяқ иық арасындай ашық. Бөксеңізбен әр жаққа 10 реттен дөңкелек қимыл жасаңыз.

№3 жаттығу
Тұрған бойда тізеде бүгілген аяғыңызды жоғары көтеріңіз. Шамалы жаныңызға бұрыңыз. Бір-екі секундқа тұрып қалыңыз. Содан соң табаныңызбен дөңгелете қимыл жасаңыз.

№4 жаттығу (тапанша)
Сол аяғыңызды алға созып, осы күйде отырыңыз. 5 секунд тұрып қалыңыз. Бастапқы қалыпқа оралыңыз. Әр аяққа 5 реттен қайталаңыз. (Ескерту: тепе-теңдікті сақтау үшін, тіреуіштен ұстауға кеңес береміз).

Бұл жаттығуларды тамаққа бір сағат қалғанда немесе тамақ ішкеннен 2 сағат өткен соң жасау қажет. Оларды күнде орындаңыз, бұл денсаулықпен байланысты көптеген проблемалардың алдын алуға мүмкіндік береді.