ул. Толе би, д. 101,
бизнес-центр «Толе би»

zoj_center@mail.ru

+7 727 313-21-34
+7 727 313-20-94

Русский
Казак

Погода в Алматы

+10ºС

Денсаулығыңызды күтіңіз - скринигіден өтіңіз!

Белгілі бір жасқа келгенде, әрбір адам жүйелі түрде профидкатикалық медициналық қараудан (скрининг) өтуі керек. Бұл емшара ауруды ерте кезеңде анықтауға, сондай-ақ болашақта қауіпті аурулардың себебіне айналуы мүмкін қауіп факторларын анықтауға көмектеседі.

40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64 жастағы ерлер мен әйелдердің медициналық қарауына мыналар кіреді:
- қан қысымын өлшеу
- қандағы холестерин мен глюкоза деңгейін анықтау
Диагностикалық емшара немесе талдау нәтижесінде күмән, күдіктену туатын болса, емделушіге электрокардиография, кардиолог немесе эндокринолог қарауы тағайындалуы мүмкін.

Сонымен қатар, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жасқа толған ерлер мен әйелдерге көз іші қысымын өлшеу үшін емханаға келулері қажет.

Бауыр циррозы бар ерлер мен әйелдердің скринингіне мыналар кіреді: қанды альфа-фетопротеинге зерттеу, бауырдың ультрадыбыстық зерттеуі. Сондай-ақ, оларға (көрсетілім бойынша) компьютерлік томография немесе бауырдың магниттік-резонанстық томографиясы тағайындалуы мүмкін.

Астанада, еліміздің басқа қалаларындағыдай скринингіден өзіңіз тіркелген емханада тегін өтуге болады. Осы қарапайым ережелерді ұстанып, сіз өзіңізді қауіпті аурулардан сақтап, өз өміріңізді ұзарта аласыз.

Өзіңізді күтіңіз және деніңіз сау болсын!