ул. Толе би, д. 101,
бизнес-центр «Толе би»
3 (блок Е) этаж

zoj_center@mail.ru

+7 727 313-21-34
+7 727 313-20-94

Русский
Казак

Погода в Алматы

+10ºС

«ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ»

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп 2017 жылғы 23 қыркүйек, сағат 10:00-де Достық даңғылы мекенжайы бойынша Абай атындағы алаңда «Денсаулығымыз өз қолымызда!» ұранымен «ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІН» өткізеді.

ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ «Жүру-зиян емес, жүрмеу-зиянды» атты ұранмен «ЖҮРУ МАРАФОНЫНАН» басталады, мекенжайы: 28 Панфиловшылар атындағы алаң, 10 сағат 00 минутта. Жиналуы сағат 9:00-де, сөре сағат 10:00-де Қазыбек би көшесі Достық көшесімен қиылысы жағынан 28 Панфиловшылар атындағы саябақтан басталады және Республика сарайының алдындағы Абай атындағы алаңда аяқталады. Марафон соңында арнайы мамандардың консультацияларын алуға болатын «Денсаулық қалашығы» және спорттық ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылады.

Белсенді қатысушыларға СЫЙЛЫҚТАР беріледі!

СІЗДЕРДІ ЖАҚСЫ КӨҢІЛ-КҮЙМЕН КҮТЕМІЗ, ЖАҒЫМДЫ ЭМОЦИЯЛАР АЛЫП, ДЕНСАУЛЫҚҚА ҮЛЕС ҚОСАДЫ ДЕГЕН СЕНІМДЕМІЗ!!!