ул. Толе би, д. 101,
бизнес-центр «Толе би»

zoj_center@mail.ru

+7 727 313-21-34
+7 727 313-20-94

Русский
Казак

Погода в Алматы

+10ºС

Сынып сағаты "Энергетикалық сусындар неге зиян?"

2017 жылдың 14-ші наурызында "АҚСӨСҚО"ЖШС-нің ұйымдастыруымен ҚР-ның «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және адам ағзасына зиянды сусындардың алдын алу мақсатында Бостандық ауданы Әл-Фараби атындағы №145 жалпы білім беретін мектептің 6"б" сыныбының оқушылары арасында "Энергетикалық сусындар неге зиян?" деген тақырыпта сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатын сынып жетекшісі Жадыра Мағауин сөз сөйлеп ашты. Іс-шарада оқушыларға энергетикалық сусындардың адам ағзасына тигізетін зардаптары мен оларға қосылатын қоспалар жайлы түсініктер берілді, слайдтар мен бейнекөріністер көрсетілді. Энергетикалық сусындардың денсаулыққа зиянды жақтары қарастырылып, балаларға оларды қолданғанда сақ болу қажеттігі ескертілді. Барлығы 32 оқушы қатысты.