ул. Толе би, д. 101,
бизнес-центр «Толе би»

zoj_center@mail.ru

+7 727 313-21-34
+7 727 313-20-94

Русский
Казак

Погода в Алматы

+10ºС

Акция «Энергетикалық сусындарды қолданасыз ба?»

2017 жылдың 15-ші ақпанында "АҚСӨСҚО"ЖШС-нің ұйымдастыруымен ҚР-ның «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және адам ағзасына зиян сусындардың алдын алу мақсатында, Әуезов ауданы №173 мектеп-лицейдің 7-8, 10-шы сынып оқушылары арасында «Энергетикалық сусындарды қолданасыз ба?» деген тақырыпта акция өткізілді. Акцияны   тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Жаппарова Жамал Бауыржанқызы ашты. Оқушылардың өздерінің айтуынша, көп қолданатын сусындары: макси шай, кока-кола, спрайт, диззи. Бұндай энергетикалық сусындар дәмділігімен, тәттілігімен балаларды қызықтырады екен. Оны ішкенде шөлдегеніміз басылып, бірақ тағы ішкіміз келіп тұрады дейді,-жас жеткіншектер.Ал олардың құрамындағы қоспаларға мән беріп көрдіңіздерме, деген сұраққа көпшілігі, ол туралы ойланбаппыз,-деді. Яғни балаларды сусындардың құрамында не бары ойландырмайды деген сөз. Сондықтан бүгінгі акцияда энаргетикалық сусындардың оқушылардың ағзаларына тигізетін зияны мен зардаптары туралы, қандай ауруларғы жиі шалдығатындары сөз болды. Бейнекөріністер мен слайдтар арқылы ақпараттар берілді. Іс-шараға 7-"б", "в", 8-"а", "ә", "б", "в", "г", "ғ", "д" және 10-"а", "ә", "б", "в", "г" сыныптың оқушылары өздерінің сынып жетекшілерімен бірге қатысты. Барлығы 460 адам қамтылды.