Денсаулық мектептері
Денсаулық мектебі – бұл пациенттер мен тұрғындарға жеке және топтық ықпал ету құралдары мен әдістерінің жиынтығы, ол денсаулық сақтау, өмір сапасын арттыру және аурулардың алдын алу бойынша практикалық дағдылар мен ақпараттылықты, олардың білім деңгейін арттыруға бағытталған.
Денсаулық мектебі жұмысын ұйымдастырудың негізгі мақсаты – тұрғындардың өз денсаулығын сақтау уәждемесін қалыптастыру, ерекше білім беру және соның нәтижесінде – әртүрлі созылмалы ауруларда өмір сапасын арттыруды қамтамасыз ету.
Денсаулық мектебінің мақсаттары:
Денсаулық мектебі Алматы қаласының ауруханалары, емханаларының базасында орналасқан, қала бойынша барлығы 232 денсаулық мектебі жұмыс істейді.
I жартыжылдықта Денсаулық мектебіне 129642 адам келген
Білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру мақсатында Денсаулық мектебі техникамен жабдықталған, зерделетін мәселелер бойынша түрлі әдістемелік өнімдер мен көрсету материалдары (тақырыптық анықтамалық басылымдар, жаднамалар, бейнефильмдер, слайдтар, кеңінен таралған әдебиет) бар. Мектепте қолданылатын барлық көрнекі құралдар түрлі-түсті, көрнекті, есте қаларлық, түсінікті, қызықтырарлық және қолжетімді.

- Қамтуды арттыру, тұрғындарға медициналық профилактикалық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.
- Созылмалы инфекциялық емес аурулардың алғашқы және қайта профилактикасы.
- Науқастарды емдеу және оңалтудың максималды тиімділігіне қол жеткізу.
- Пациенттің және оның отбасының өмір сапасын арттыру.