ул. Толе би, д. 101,
бизнес-центр «Толе би»

zoj_center@mail.ru

+7 727 313-21-34
+7 727 313-20-94

Русский
Казак

Погода в Алматы

+10ºС

Туберкулез

Туберкулез –кең тараған инфекциялық аурулардың бірі. Инфекциялық аурулардан болған өлім-жітім себептерінің тізімінде жер шары бойынша бірінші орынға ие. Туберкулез барлық жерде тараған. Қазіргі уақытта ДДҰ статистикасы бойынша жыл сайын шамамен 9 млн. адам туберкулезбен сырқаттанады және 2 млн. адам осы аурудың салдарынан қайтыс болады.

2012 жылы Республикада 13141 адам туберкулезбен сырқаттанды, оныңішінде 926-ы қайтыс болды. 2012 жылы Алматы қаласында туберкулезбен 927 адам сырқаттанып, 115 адам қайтыс болды.

Туберкулезді қоздырушы - туберкулез микобактериясы болып табылады, оны бұрын Кох таяқшасы деп, оны ашқан ғалымның атымен атаған.

Инфекцияошағынауқас адам болып табылады. Туберкулезбен ауырған бір адамжылына 10-15 адамды жұқтыруы мүмкін.

Жұқтырудың негізгі жолы – бұл ауа-тамшы жолы.Бұл ауру науқас адамнан дені сау адамға жөтел, түшкіру, сөйлесу кезінде беріледі.

Негізгі диагностикалық әдістері: туберкулез бактерияларынанықтауға қақырықты зерттеу,рентгендік зерттеу және туберкулиндік диагностика (Манту сынамасы).

Бұрын туберкулезбен тек кедейлер немесе жағдайы төмен адамдар ауырады деп санаса,қазіргі уақытта бұл пікір өз күшін жойды. Кох таяқшасы адамның әлеуметтік мәртебесіне қарамайды және ауру тұрғындардың барлық топтары арасында кездеседі, себебі туберкулез микобактериясы ауа-тамшы жолмен беріледі, ал ауа бізге ортақ. Өмірдің жоғары қарқыны, жүйесіз және үйлесімсіз тамақтану күйзелісті сәттер болып табылады, олар ағзаның қорғаныс күштерінің төмендеуіне және аурудың дамуына ықпалын тигізеді. Өмір сүру жағдайы мен тамақтану сапасы, гормондық фон, ұлғайған әлеуметтік байланыс аурушаңдыққа үлкен әсерін тигізеді.

Тұрғындардың санитариялық сауаттылығының төмендігі де аурудың таралу себептерінің бірі болып табылады. Адамдар өздерінің туберкулезбен сырқат адаммен байланыста болғанын жасырады, уақытылы тексеруден өтпейді, аурудың белгілері байқалған жағдайда дәрігерге қаралмайды.

Туберкулездің дәріге көнбейтін түрлері туралы ақпараттың аз болуы байқалады.

Қазақстан дәріге көнбейтін туберкулездің ауыр түрінен 22 елдің бірі болып табылады.

Бүгінгі таңда туберкулез емделу кезінде үзіліс жасау нәтижесінде қатты әсері бар дәрі-дәрмектерді қабылдамайтын немесе тұрақты жаңа, қауіпті аурудыңмультирезистентті және  суперрезистентті түрлерінің қалыптасуымен қауіпті! Туберкулез ауруының белгілері:
  • 2 аптадан астам жөтел
  • Тәбеттің жоқтығы
  • Дене салмағының азаюы
  • Жалпы әлсіздік
  • Түнгі тершеңдік
  • Дене қызуының көтерілуі
  • Кеудедегі ауру
  • Қан қақыру
Егер Сізде жөтелмен бірге жоғарыдағы белгілердің бірі болған жағдайда тез арада дәрігерге қаралыңыз.

Дұрыс және уақытылы ем алған кезде туберкулезді толық емдеуге болады.

Тексеру және емдеу тегін жүргізіледі.