Онкология
Обыр - бұл кесілген үкім емес!
Онкология – халықтың өлімі мен мүгедектігінің негізгі себебі болып табылатын аурудың ауқымды тобын қамтиды. Соңғы 10 жыл ішінде Алматы қаласындағы қатерлі ісікпен ауыру көрсеткіші жоғары және республикалық деңгейден 20%-дан асады (Алматы қаласы бойынша 2012ж. сырқаттану 100 мың халыққа 242,2, ҚР 100 мың халыққа 183,1 құрайды). Алматы қаласы бойынша онкологиялық аурумен ауыратын науқастардың санының жыл сайынғы өсімі 5%-ды құрайды. Алматы қаласы бойынша аурудың жоғары көрсеткіштері қаланың емдеу мекемелеріндегі диагностиканың жоғары деңгейімен түсіндіріледі, сондай-ақ, мегополистегі тұрғындардың ұдайы көші-қоны, қатерлі ісіктің жаңа жағдайы тіркелетін Алматы қаласына жыл сайын мыңдаған өңір тұрғындарының келуі де ықпалын тигізеді. Онкологиялық аурулардың алдын алуда қоршаған ортаны сауықтыру, салауатты өмір салтын ұстану, тамақтану сапасын жақсарту сияқты кезеңдер өте маңызды. Осының бәрі ағзаның обырға қарсы тұрақтылығын жоғарылату ұзақтығына жағдай жасайды. Иммунитеттің жоғары деңгейі адамға тіпті қолайсыз экологиялық жағдайларда да ұзаққа дейін сау болып қалуға мүмкіндік береді. Алматы қаласы бойынша жиі кездесетін нозологиялық түрлер – емшек обыры (12,3%), өкпе обыры (10,1%), колоректалды обыр (9,6%), асқазан обыры (9,5%), тері обыры (11,4%) болып табылады. Алматы қаласында тіркелген онкологиялық аурулардың басым бөлігі талапқа сай скринингтік бағдарламалар өткізу жолымен ерте сатыларда (емшектің, терінің, жатыр мойнының, өңештің, асқазанның, бауырдың, тоқішек және тікішектің ісінуі) анықталуы мүмкін. Цитологиялық скрининг, маммографиялық скрининг, колоректальды обыр скринингі – 3 жылдан аса жүзеге асырылады. Ал 2013 жылдан бастап Алматы қаласында өңеш, асқазан, бауыр және қуықасты без обырын ерте диагностикалау бойынша 3 жаңа пилоттық скринингтік бағдарламалар өткізіледі. Осыған сәйкес, аталған ісінудің таралмауы онкологиялық патологиядан жалпы өлім-жітімділікті төмендетуге арналған резерві болуы мүмкін.
Онкологиялық аурулардан өлім көрсеткіші жоғары деңгейде сақталған және жарақат пен жүрек қан-тамыр патологиясынан болатын өлім-жітімінен кейін үшінші орында тұр. Жыл сайын Алматы қаласында қатерлі ісіктен 2000-ға жуық адам көз жұмады, ал олардың 25%-ын диагнозы алғаш қойылған емделушілер құрайды (Алматы қаласы бойынша 2012 жылға өлім-жітім 100 мың халыққа – 124,1 құрайды, ал ҚР бойынша 100 мың халыққа – 101,0 құрайды).Онкологиялық ауруларды зерттеп-емдеумен тек онкология ғана айналысады. Онкология обырдың, ісіктің даму құрылымын, клиникалық айқындалуын және себебін зерттейді, диагностика, профилактика және терапияның әдістерін дайындайды. Ісік деп тіндегі жаңа өспелер тудыратын оның ішіндегі жасуша аппаратының генетикалық өзгерісі (мутация) бойдың өсуі мен жетілуінің бұзылуына әкелетін адам ағзасындағы патологиялық үрдісті атайды. Ісікті үдемелі және клиникалық-морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты қатерсіз ісік және қатерлі ісік деп екіге бөледі. Қатерсіз ісік пен қатерлі ісіктің айырмашылығы біріншісі жан-жағындағы тіндерді жылжытып жайылып өседі, ал екіншісі керісінше жан-жағындағы тіндерге еніп (шоғырланады) құрылымын бұзады. Егер қатерлі ісік пен қатерсіз ісіктің пайда болу себебін қозғасақ, онда олар әлі соңына дейін нақты айқындалған жоқ. Ісінген жасушалардың өсімі көптеген факторлар: қоршаған орта, дұрыс тамақтанбау, вирустық және қабыну үрдістері және т.б. әсер ететін олардың мутациясына әкеледі деп болжанады.
Обыр ауруының белгілері.
Ісік, өз мәнісінде жасушалардың бөлінуі мен көбеюі нәтижесінен осы немесе басқа ағзада бірітіндеп жайылып өсетін тін болып есептеледі. Ісік – жаңа өспе айқындалмаған шектері және кескіні қатаң түрде оқшауланып қалатын, яғни шектелетін кеңейтілген инфильтратты құруы мүмкін, соның нәтижесінде айқын шектерімен домбығу қалыптасады. Кез-келген жағдайда олар сау жасушаларға зиян келтіреді, олардың қызмет функциясын бұзып кедергі жасайды.Ісік –өсінді, түймешік немес дөң немесе папиллома тәріздес айқындалуы мүмкін – бұл бірнеше бөлшектердің өсіндісі болып табылады. Консистенция бойынша ісік сілікпе сияқты немесе сүйек сияқты қатты болуы мүмкін.Обыр типтік жасушалар өз тасымалдаушысына еш опық жегізбей өте баяу өседі, сол үшін аурудың белгілері алғашқы кезде мүлдем болмайды. Қатерсіз ісік ағзаға еш зиянын тигізбейді, олар тек тамыр мен жүйке жүйесіне қысым көрсеткенде ғана қауіп төндіруі мүмкін. Ал қатерлі ісік керісінше, клиникалық түрде ғана анықдалатын екінші ісіктің ұлғаюына әкелетін ағзаның бөлек бөлімдерін метастаздайды.
Ісінуді обырдың айрықша көзбен көрінетін түріне жатқызуға болады. Ерте сатыдағы ісік еш ауырмайды, сондықтан оған онша мән берілмейді, кейіннен ол қолайсыздық пен ауырсынуға әкеліп соғады. Ісік обыр жасушаларының өсу нәтижесі болып табылады, өйткені олар геометриялық прогресспен бөліне бастайды. Қатерсіз ісіктің жасушалары ереже бойынша өледі, ал қатерлі ісіктің жасушалары, керісінше, ұлғаяды және жаңа бөлімдерді зақымдап басқа ағзаларда дамиды. Жасушалар ұлғайып кейін ісікке айналатын домбығуды қалыптастырады.
Обструкция – обыр жасушаларының ұлғаюы – ісіктің таралмауымен байланысты механикалық бітелу. Ол тыныс жолдарында, ішекте, қантамырларында және өт каналында байқалады. Қантамырының бітелуі – қантамыр жүйесі едәуір кеңейтілген және қанды керек жерге: жүректен тіндерге және керісінше апаратын көптеген каналдарды қамтығандықтан ұзақ уақыт бойы өзін еш білдіртпейді.Егер қантамырдың бітелетін орны болса, онда сол бөлімде артерия қан жабдықтайтын қатты ауру туғызатын қан ұйығы қалыптасады. Ішекті, қуықасты безін және т.б. зақымдайтын обыр жасушалары ісік көлемінің ұлғаюымен бірге осы және басқа да өт жолдары мен каналдарды бітеп тастауы мүмкін. Егер обыр жасушалары негізгі жүйке жасушаларын зақымдаса, онда ол обырмен қатысты болмаса да басқа ауру белгілері мен мазасыз жағдайларды тудырады. Жұлын адам организмінің барлық ағзаларына тарайтын жүйке түйіндерін қамтиды, сол үшін кез-келген жүйке ұшының зақымдануы оның барлық функциясына залалын тигізеді.
Ауыру. Ауыру – біздің ағзамызда бір нәрсе дұрыс болмағандықтан және оған мән берілу үшін туады. Ауыру - физикалық зардап шегуді қамтиды және ағзаға жағымсыз сезінулер мен азап әкеледі. Ауыру – бұл тіндердің болжамды немесе шынайы зақымдануымен сәйкес, сондай-ақ, организмнің біртекті реакциясын патогендік факторлар ықпалынан қорғайтын әр түрлі функционалдық жүйелерді жұмылдыруға әрекеттенетін жағымсыз әсерленгіш, сезімтал күйзеліс. Егер ауыру ұзаққа дейін созылса, онда ол физиологиялық параметрлердің өзгеруіне әкеліп соқтырады: тамыр соғуы, қан қысымы, қарашықтың үлкеюі және гормон концентрациясы. Ағзада обыр жасушалары қалыптасқан кезде ауыру тууы мүмкін. Бұл шектелген көлем қуысында обыр жасушаларының көбеюі кезінде пайда болады. Сондықтан біздің ағзамыздағы кез-келген бөгде жаңа өспелер қолайсыздыққа ұшырататын ауыру әкеледі. Айналаның бәріне қызбаландыратын жасушалар ұлғаяды.
Біздің ағзамыздағы функциялардың өзгерісі ол үшін қайтарымсыз салдардың пайда болуына әкеледі, өйткені, оның ішінде бәрі бір-бірімен тығыз байланысты. Осыдан, обырдың кейбір түрлері бұзылыстың және қалыпты жағдайлардың шамадан тыс қалыптасуының (ішек обыры кезіндегі сілемей) немесе обыр анықталмай тұрғанда бізді сақтандыру белгілерін көрсететін гормондардың мол қалыптасу себебі болып табылады деп тұжырым жасауға болады.
Функцияларды жоғалту – онкологиялық аурулар қасиетінің адам ағзалар функциясының өзгеруімен сәйкес салдары болып табылады. Жүйкенің зақымдануы басқарып отырған аяқ-қол немесе тіндер функцияларының бірен-саран жоғалуына әкеледі. Жүйкенің зақымдануы әр түрлі себептермен, сондай-ақ, обырмен деайқындалуы мүмкін. Егер онкологиялық патологиядан зардап шегетін науқаста жаңа мәселелер туындаса, онда сол мәселелер аталған ауруға қосарланады, бірақ, бәсекелестік патология жиі кездеседі, сондықтан зақымданудың себебі қандай да болмасын, зардаптың алдын алу үшін оны тексеріп жою керек.
Қан кету – бұл адам ағзасында өте қауіпті бұзылыстар болғанын және оларды жою қажетілігін білдіретін дабыл болып табылады. Егер сіз едәуір қан кетуді байқасаңыз, онда ол дәрігерге көріну керектігінің себебі, өйткені олар өте қауіпті факторлар тудырады, солардың ішінде обыр да болуы мүмкін.
Белгілердің беріктігі – бұл ұзақ уақыт бойы тоқтамайтын және маза бермейтін қандай да бір бұзылыстар, әсіресе олар дамығанда оның себебін анықтау үшін бірінші ағзаны толығымен тексеру керек. Мүмкін бұл бұзылыстар обырға еш қатысы жоқ шығар, сондықтан алдымен бұзылыс себебін анықтап қауіп-қатер дабылын жою керек. Белгілердің беріктігі - бұл біріншіден адам өз денсаулығы туралы ойланып, толығымен тексеруден өтуі үшін берілетін дабыл.
Жоғарыда баяндалған онкологиялық белгілердің бәрі адамға сол белгілердің шығуы кезінде оның себебін анықтап жою үшін маманға көрінуі қажет екендігін айтады. Ал біліп жүру – бұл ең алдымен қалыпты тыныш өмір. Кез-келген ауруды, сондай-ақ, онкологиялық ауруды ескертіп алдын алу немесе оның ісікалды патологиясын емдеу оңай болады. Онкологияның мамандары онкологиялық аурудың шығу қаупін толығымен жою мүмкін емес, бірақ, оны барынша төмендетуге болады деп айтады. Зиянды әдеттерден бас тартыңыз, дұрыс тамақтаныңыз, демалыңыз, профилактикалық және скринингтік байқаудан өтіңіз, дәрігерге уақытылы қаралыңыз – сонда обырда еш мүмкіндік қалмайды.