ул. Толе би, д. 101,
бизнес-центр «Толе би»

zoj_center@mail.ru

+7 727 313-21-34
+7 727 313-20-94

Русский
Казак

Погода в Алматы

+10ºС

Гепатит

Алматы қаласы ШЖҚ «№5 Қалалық емхана» МКК бюазасынла 2014 жылғы 11 маусымда ашылған Алматы қаласы Гепатология орталығы Мақатаев көшесі, 141 мекенжайы бойынша орналасқан, тел: 2536445. Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы.

Басшы: Бас дәрігер – Гүлшахира Әжімұқанқызы Қамбарова, жоғары санатты ұйымдастырушы дәрігер, денсаулық сақтау үздігі, қаб.т.: 2333961.

Орталық меңгерушісі – жоғары біліктілік санатф бар инфекционист дәрігер, гастроэнтеролог Р.Т Жүсіпова, жұм.т.: 2536429.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ инфекциялық және тропикалық аурулар кафедрасының, АМДБЖИ  гастроэнтерология және жұқпалы аурулар кафедрасының профессорлары мен доценттері, гастроэнтеролог дәрігерлер, инфекционистер, бауыр ауруымен ауыратын науқастарға консультациялық-медициналық көмек көрсетеді, асқынған «В» және «С» вирустық гепатитімен,  ауыр жанама әсері бар науқастарға вирусқа қарсы терапия, консилиумдар мен кеңестер жүргізеді.

Құрылымдық бөлімшелер:
  • гепатология орталығы меңгерушісінің кабинеті;
  • гастроэнтеролог-гепатолог, инфекционист, хирург, офтальмолог, эндокринолог, психолог, невропатологдәрігерлерінің кабинеттері;
  • УДЗ- диагностика кабинеті;
  • бауырды фибросканерлеу кабинеті;
  • 8 төсек-орындық күндізгі стационар;
  • емшара кабинеті;
  • гепатологиялық науқастарға арналған денсаулық мектебі.
Гепатология орталығының жабдықталуы:
  • Фиброскан;
  • Ультрадыбыстық диагностика аппараты;
  • ПТР анализаторы;
  • ИФА анализаторы;
  • Биохимиялық анализатор;
  • Гематологиялық анализатор;
  • Автоматтық қан анализаторы;
  • ЭКГ аппараты.
Жүргізілген зерттеулердің тізбесі:
  1. Жалпы клиникалық қан, нәжіс және несеп талдауы;
  2. Биохимиялық қан талдауы;
  3. Серологиялық және вирусологиялық инфекцияға зерттеу жүргізу;
  4. Иммунологиялық зерттеулер (аутоантидененің, ісіктік маркерлердің болуына);
  5. Вирустық гепатиттердің ПТР диагностикасы;
  6. Бауыр эластометриясы (фибросканерлеу);
  7. Құрсақ қуысы органдарын ультрадыбыстық зерттеу.