ул. Толе би, д. 101,
бизнес-центр «Толе би»

zoj_center@mail.ru

+7 727 313-21-34
+7 727 313-20-94

Русский
Казак

Погода в Алматы

+10ºС

АИТВ-инфекция және ЖИТС

1. АИТВ деген не?

АИТВ – адамның иммун тапшылығының вирусы. АИТВ ағзаны әртүрлі инфекциялардан қорғайтын иммундық жүйені бұзады. АИТВ иммундық жүйенің нақтыланған жасушаларын жояды - CD4 жасушасы.CD4 жасушалары санының азаюы бойынша аурудың кезеңі туралы айтады, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды АИТВ нәтижесі оң деп атайды.

2. ЖИТС деген не?

ЖИТС – жүре пайда болған иммундық дефицитінің синдромы. Адамның иммундық жүйесі әлсіреген кезде адам әртүрлі (туберкулез және пневмония) инфекцияларға осал болады. Осындайинфекцияларды адамның иммундық жүйесі және ауру қоздырғыштарына қарсы тұру қабілеті жоғалғанда туындауына байланысты «оппортунистикалық» (қолайлы жағдайды пайдалана алатын) деп аталады. АИТВ- жұқтырған адамда  бір немесе бірнеше оппортунистикалық аурулар анықталса және/немесе  CD4деңгейі нақты деңгейге дейін төмендесе, оған ЖИТС диагнозы қойылады.

3. АИТВ қалай таралады?

АИТВберіледі:

А) Жыныстық жолмен- мүшеқапсыз болған кез келген сексуалдыққарым-қатынастар кезінде;

Б) Қан арқылы:
  • Жұқпалы қанды және оның құрамдастарын құйғанда, донорлық ағзаларды және тіндерді ауыстырғанда;
  • Медициналық және медициналық емес мақсаттағы залалсыздандырылмаған құралдарды қолданғанда;
В) Жүктілік кезінде, босану және/немесе емізу арқылы анадан балаға;


4. АИТВ қалай берілмейді

АИТВ жұқпайды: қол алысқанда және құшақтасқанда, ыдыс-аяқ, тамақ, дәретхана құралдары арқылы; төсек жабдықтары немесе іш киім арқылы; тиын және қағаз ақша арқылы; су, ауа арқылы; ойыншықтар, күнделікті пайдаланылатын бұйымдар, спорттық құралдар арқылы; есік тұтқалары, көлік тұтқалары арқылы; жәндіктер шаққан кезде; сүйіскенде;

5. АИТВ-ні қалай анықтауға болады?

Сыртқы келбетіне қарап, адамды жұқтырылған немесе жұқтырылмағанын анықтауға болмайды.
Оны анықтаудың жалғыз тәсілі, бұл АИТВ-ға қарсы денелердің бар болуына қан тапсыру,
Қарсы дене –вирустың өтуіне жауап ретінде ағзада өндірілетін арнайы ақуыз.

6. АИТВ-ға не үшін тест тапсыру керек?
  • Адам өз өмірінде АИТВ жұғу тәуекелі болғанын түсінсе, үрейді сейілту үшін;
  • Жақын адамға жұқтыру қаупін туғызбас үшін;
  • АИТВ инфекциясы анықталған жағдайда, уақытында емделу үшін;
  • жүктілік, босану кезінде және емізгенде АИТВ оң мәртебесі бар анадан балаға инфекцияның  берілуін болдыртпау мүмкіндігінің болуы үшін;

7. АИТВ-ға тексерілуден қай жерде өтуге болады?

Сіз ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында, сондай-ақ, АИТВ-ға жасырын тексерілу кабинеттері бар қалалық емханаларда тексеруден өте аласыз. Тексеру барысында кеңес берушіден АИТВ-инфекциясы бойынша барлық қажетті сұрақтарды сұрай отырып, тексеруге дейінгі және одан кейін консультация ала аласыз.

8. АИТВ жұқтырылған адамдарды емдеу жолдары бар ма?

Емдеу үшін антиретровирусты деп аталатын дәрі-дәрмектер пайдаланылады. Антиретровирусты дәрі-дәрмектер - АИТВ көбеюін баяулатады, иммундық жүйенің бұзылуын болдыртпайды және ЖИТС дамуын тоқтатады. Емдеудің бұл түрі АИТВ бар адамдарға белсенді және толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді. Сондықтан, өз АИТВ мәртебесін ертерек анықтау және уақытында емдеуді бастау өте маңызды. Біздің елімізде АРВ дәрі-дәрмектері емделуге мұқтаж науқастардың барлығына тегін беріледі.

9. АИТВ жұқтырылған әйел дені сау баланы туа алады ма?

Иә, АИТВ мәртебесі оң әйел дені сау баланы туа алады, егер ол өз сатысын ертерек білген жағдайда, себебі уақытында басталған ем балаға инфекцияның берілу тәуекелін азайтады. Балалы болу немесе жүктілікті үзі шешімін тек әйелдің өзі ғана қабылдай алады.

10. АИТВ инфекциясының бар болуына кім міндетті түрде тексеруден өту керек?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011жылғы 3 қарашадағы№1280 қаулысымен бекітілген «Клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына медициналық тексеру қағидаларына» сәйкес Қазақстан азаматтары, оралмандар және республика аумағында тұратын басқа да адамдар клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша АИТВ инфекциясының болуына медициналық тексеруден өту керек.

11. Алматы қаласы бойынша Эпидемиологиялық жағдай.

1987 жылдан өсімді нәтижемен АИТВ-инфекциясының 4096 жағдайы тіркелген, оның ішінде Алматы қаласы тұрғындары арасында – 3149 (77%). Басқа қаладан келген азаматтар АИТВ-жұқтырылған адамдардың барлық анықталған санынан 23%-ды құрайды. АИТВ-инфекциясын беру факторлары мен жолдары: эпидемияның негізгі таралу жолы парентеральды (есірткіні инъекциялы түрде қолданған кезде) болып табылады және 65,5% құрайды, жыныс жолдарына - 31,9%, тікелей -1,2% келеді. Дегенмен, соңғы жылдарыинфекция тұрғындардың осалды топтарынан жалпы популяцияға ауысуымен байланысты берілудің жыныстық жолдары үлесінің өсуі және берілудің парентеральді жолының азаюы байқалады.Тұрғындардың ең белсенді және еңбекке жарамды бөлігі жұқтырылған: 20-39 жастағы адамдар -76%, 40-49 жастағы адамдар -16%. Әлеуметтік топтар бойынша жалпы құрылымда АИТВ жұқтырылған жұмыс істемейтін азаматтар -47% құрайды.

Толығырақ ақпаратты Сіз Бәсенов көшесі, 2-үй, 4-корпус мекенжайы бойынша орналасқан Алматы қаласы  ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығынан 246-53-35, 246-53-36 телефон нөмірлері бойынша ала аласыз.