Саламатты университеттер
Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудағы тетіктердің бірі «Саламатты университеттер» ДДҰ жобасын енгізу болып табылады, ол Қазақстан Республикасында 2000 жылдан бастап енгізіледі. Алматы қаласы бойынша бүгінгі таңда 8 «Саламатты университет» жобасы жұмыс істейді.
«Саламатты университеттер» жобасының шеңберінде «Жастар есірткіге, ішімдікке және темекіге қарсы» атты халықаралық семинарлар, конференциялар, тренингтер, кең ауқымды акциялар мен дебаттар, денсаулық фестивальдары өткізіледі, физикалық белсенділікті арттыру мақсатында Президенттік тесттер жүргізіледі, «ЖИТС бойынша қауіпсіздік бағыты», «Шылым шегуді таста және ұтып ал!» конкурсы өткізіледі, «Жастар денсаулық орталығы» құрылады, ақпараттық-көрнекі материалдар (плакаттар, брошюралар, буклеттер, стикертер, бейнефильмдер және бейнероликтер) шығарылады, өзекті мәселелер бойынша теле және радио дебаттар өткізіледі. «Саламатты университеттер» ДДҰ жобасының ұлттық желісі үнемі кеңейтіліп отырады. 2016 жылдың 9 айында 30165 адамды қамтумен 416 іс-шара өткізілді.